Этносаралық қатынастар мәселелері бойынша жадынама білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтерге, психологтарға, әлеуметтік педагогтерге арналады және өскелең ұрпақ бойында этносаралық толеранттылықты тәрбиелеу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Міндеттер:
- оқушыларда басқа этностар мен конфессиялар өкілдеріне жағымды қарым-қатынастар қалыптастыру;
- өскелең ұрпақ арасында этносаралық толеранттылыққа тәрбиелеуді қамтамасыз ету және тиімді этносаралық коммуникацияны дамыту жөніндегі жұмысқа, азаматтық біртұтастықты бекіту және этносаралық қатынастар мәселелерін үндестіруге ықпал ету;
- оқушылардың оқу және оқудан тыс қызметтері арқылы этностық және конфессиялық дәстүрлер мен салттарға өзара құрмет атмосферасын сақтау;
- білім беру ұйымдарының оқушылары арасында жанжал жағдайларының алғышарттары мен факторларын уақытылы анықтау және олармен әрі қарай алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру.
І. Алғы сөз
Қазіргі уақытта оқу-тәрбие үдерісінің басты бағыттарының бірі балалардың бойында жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастыру, оларды толеранттылықтың жоғары мәдениетіне, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынасқа, патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың әлеуметтік өзара қарым-қатынасқа және оң этникааралық коммуникацияға түсуіне әлеуметтік-психологиялық, жеке, ерікті, зияткерлік дайындық жасау болып табылады.
Елдің көптеген білім беру ұйымдары көп ұлтты құрамға ие. Білім беру ұйымдарында оқушылардың әлемге, құндылықтар мен өмірлік бағыт-бағдарларға деген көзқарастары қалыптасады, жеке қарым-қатынас тәжірибесі жинақталады. Әртүрлі этникалық топтардың өкілдері арасындағы қарым-қатынаста өткір проблемалар жасөспірім балаларда пайда болуы мүмкін.
Оқушылардың этносаралық негіздегі жанжалды мінез-құлқының алдын алу жұмыстарына оқу-тәрбие үдерісінің барлық қатысушыларын (оқушыларды, ата-аналарды, педагогтерді) тарту қажет. Білім беру және тәрбие процесінің барлық субъектілерімен кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізу ғана айтарлықтай оң нәтиже бере алады.
Баланың толерантты санасын қалыптастыруда отбасының рөліне мән бермеу мүмкін емес. Отбасындағы қарым-қатынас атмосферасы, ата-аналар мен туыстардың өзара әрекеттесу стилі балада этносаралық толеранттылықтың қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді.
Балалармен және олардың ата-аналарымен жүйелі жұмыс жасаудың маңызы зор, өйткені азаматтық бірегейлік пен тұлғаның қалыптасуының психологиялық негіздері бала кезінен отбасында немесе білім беру мекемелерінің қабырғаларында қаланады.
Оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бір шарты – мұғалімдердің этникалық тегіне қарамастан толерантты қарым-қатынас жасаудың жоғары мәдениетін оқушылар мен мұғалімдер арасында тарата білуі.
ІІ. Оқушылар арасында этносаралық толеранттылыққа тәрбиелеу,
тиімді этносаралық коммуникацияны дамыту
Этносаралық толеранттылыққа тәрбиелеу, бір-біріне құрмет, тілектестік және ықыласты қарым-қатынас ахуалы нығая түсетін толерантты кеңістікті қалыптастыру білім беру мекемелерінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты:
біріншіден, сыныптарды, сонымен қатар ойын, зияткерлік, спорттық, командаларды, шығармашылық, үйірме топтарын қалыптастыру, балаларды парталарға отырғызу кезінде міндетті түрде оқушылардың этникалық құрамын ескеру, әртүрлі этностар қатарындағы балаларды саны бойынша біркелкі бөлу, этникалық құрамы бойынша жасанды микротоптар жасауына жол бермей, аралас отыратын топтардың қалыптастырылуын бақылау қажет;
екіншіден, толерантты кеңістікті қалыптастыру үшін оқушыларға этностардың шығу тегі, олардың мәдениеті мен этникалық дәстүрлерінің, тұрмысының, киім үлгілерінің, өнерінің, кәсібінің, мерекелерінің, мәдениетаралық өзара іс-қимыл этикетінің өзіндік ерекшелігі туралы этнографиялық білім берудің маңызы зор. Осы мақсатта әртүрлі этностардың мәдениеті мен тарихын оқып-үйрену бойынша мектеп оқушыларының зерттеу топтары құрылуы мүмкін. Сондай-ақ түрлі этнос балаларының қатысуымен мәдени және ойын-сауық үйірмелерін, секциялар мен клубтарды дамыту маңызды;
үшіншіден, оқушылардың қарым-қатынасында балалардың этникалық тегіне байланысты этностар туралы жағымсыз атауларды, стереотиптерді (лақап аттар, мазақтаулар) пайдалануға жол бермеу және жолын кесу маңызды. Этносаралық және тілдік мәселелер бойынша балаларда өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін барынша жауаптылықты қалыптастыру қажет.
Белгілі бір этникалық топтағы мектеп оқушыларының басқа этникалық топтардың өкілдерін ұнатпауы мазақ, лақап аттарда көріне бастайды. Этникалық сипаттағы теріс аттарды таңу «араздық тілінің» қалыптасуына әкелетінін және кейіннен белгілі бір этникалық топтардың өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылықты негіздеуге ықпал ететінін және кейіннен этникалық араздық негізінде әртүрлі қақтығыстарға немесе қылмыстарға әкелетінін есте ұстаған жөн;
МАҢЫЗДЫ! Ешбір жағдайда белгілі бір этникалық топтарды қорлайтын сөздерді қолдануға болмайды. Мектептерде этностар туралы қандай да бір стереотиптер мен клишелердің таралуына жол бермеу қажет.
төртіншіден, «араздық тілі» дегеніміз не, оның қауіптілігі неде және оны неге қолдануға болмайтынын түсіндіру маңызды. Балаларға өмірлік мысалдар мен құқықтық нормалар негізінде этникалық және тілдік принцип бойынша адамдарды қандай да бір кемсітушілікке жол бермеу туралы білім мен тәжірибе берген орынды;
Ата-аналармен кездесулерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша заңнамада көзделген қылмыстық жауапкершілікті – этносаралық алауыздықты қоздырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын түсіндіру маңызды.
бесіншіден, балалар арасында мемлекеттік тілді білмейтін этнос өкілдеріне қатысты агрессияның таралуына жол бермеу. Мемлекеттік тілді үйреніп жатқан түрлі этнос өкілдерін мұғалімдер мен оқушылар тарапынан жалпы ынталандыру маңызды;
алтыншыдан, интернет-кеңістікте, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде толерантты мінез-құлыққа, этностар туралы тексерілмеген (жалған) ақпараттың таралуына жол бермеуге ерекше назар аударылады. Балаларға өздерінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдарын модерациялаудың маңыздылығын айту қажет, этникалық топтар туралы жағымсыз сөздер жазуы мүмкін басқа пайдаланушылардың пікірлерін қадағалап отыру маңызды. Кейде ешқандай агрессиясыз бейбіт посттар агрессивті және қорлайтын пікірлер жинауы мүмкін;
жетіншіден, білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымы осы жадынамадағы ережелерді пайдалана отырып, сабақтарда, тәрбие жұмысында, бейресми әңгімелесу кезінде оқушылардың өлкетану және әдеби мұражайларға, түрлі ұлттық мәдени орталықтарға, театрларға, көрмелерге, фольклорлық концерттерге, кинотеатрларға және т. б. баруы кезінде этносаралық қатынастар мәселесінде құзыреттілік танытуы тиіс.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Педагогтер күнделікті өмірде балалармен де, әріптестермен де этносаралық қарым-қатынастың жеке үлгісін көрсетуі маңызды, ол қоғамның этносаралық әртүрлілігіне қатысты оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруға қатты әсер етеді.
МАҢЫЗДЫ!
Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуді бастауыш сыныптарда үлкендердің қамқорлығының тұрақты көрінісін, аулада, көшеде, үйде өз қатарластарына достық қатынасты, адамдармен араласу кезінде этникалық және тілдік ерекшеліктеріне қарамастан сыпайылықты, жағымсыз сезімдер пайда болғанда ұстамдылықты, басқа адамдарға зорлық-зомбылық, агрессия көрсетуге төзбеушілікті, оқушылар арасында толерантты этносаралық қатынастарды бекітуді, оларда инклюзивті және интермәдениетті қарым-қатынас қалыптастыруды дамытудан бастау ұсынылады.
Орта сыныптарда этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу міндеттері күрделене түседі. Қиын сәттерде өзара достық көмекке, басқа адамдардың қайғысына және мұқтаждықтарына сезімталдыққа, науқастарға, қарттарға, көмекке мұқтаж барлық адамдарға мейірімділік танытуға, этностық артықшылықты және әртүрлі этностар өкілдерінің құқықтарын кемсіту әрекеттеріне төзбеушілікке ерекше назар аударылады.
Жоғары сынып оқушыларында эмпатия, жанашырлық, этникалық тегіне қарамастан адамды қорғау қабілеті, ксенофобияның әртүрлі идеялары мен көріністерін енгізуге қарсы тұру қабілеті сияқты қасиеттерді дамыту маңызды. Бұл қасиеттер күнделікті іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде қалыптасады және адамдарға қамқорлық жасау, өзара ой, идея алмасу қажеттілігін тудырады, адамдарға ақ ниет пен жанашырлық танытуға, мәдениетаралық өзара қарым-қатынасқа, ксенофобияның әртүрлі формаларын болдырмауға ықпал етеді. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларын этносаралық тақырып бойынша әлеуметтік желілердегі медиасауаттылық пен этика негіздері туралы хабардар ету, фактчекинг дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік желілерде «Достық тілін» дамыту маңызды.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Тиімді этносаралық қарым-қатынас құру үшін:
- ұжымындағы этномәдени айырмашылықтарға қызығушылықпен және құрметпен қарау, өзінің ғана емес, өзгенің де пікірін бағалау, өзін ғана емес, басқа да балаларды (адамдарды) ести білу дағдысы болуы тиіс;
- этникалық тегі әртүрлі адамдарға қатысты жағымсыз эмоциялар көріністеріне жол бермеу, этносаралық қарым-қатынаста мейірімді және адамгершілікті болу;
- жанжалды жағдайды тудыруы мүмкін қатал және категориялық бағалаулардан аулақ болыңыз;
- басқалармен қарым-қатынаста жағымды адами қасиеттерді байқау (адамдардың не істемегендерін емес, істегендерін бағалау), әңгімелесушіге жиі күлімдеу;
- қажет болған жағдайда адамның жеке басы мен этникалық құрамын емес, нақты әрекеттері мен істерін сынға алу.
ІІІ. Этносаралық негізде оқушылар арасындағы жанжалды жағдайларды уақытылы анықтау бойынша іс-қимыл алгоритмі
Этносаралық негізде жанжалды жағдайларды уақытылы анықтауды қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымының әкімшілігі (директор, оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары) :
- оқу орнындағы этносаралық және басқа да жағдайды тұрақты түрде жан-жақты талдайды;
- сынып жетекшілерінің, психологтың, әлеуметтік педагогтің, пән мұғалімдерінің оқушылар арасындағы этносаралық қақтығыстарды анықтау және алдын алу, инцидент немесе жанжал туындаған кезде әрекет ету жөніндегі қызметін үйлестіреді;
- этносаралық жанжалдар мен инциденттердің алдын алу, балалар мен жасөспірімдер арасында ксенофобия мен дұшпандықтың түрлі көріністерінің пайда болуына ықпал ететін алғышарттар мен факторларды анықтау бойынша педагогтерге қажетті әдістемелік көмекті көрсетеді және тәсілдерін анықтайды;
- этносаралық сипаттағы жанжалдар мен инциденттердің алдын алу және реттеу мәселелері бойынша тәжірибелі сарапшыларды тарта отырып, мұғалімдер үшін семинарлар, тренингтер, диалогтік алаңдар ұйымдастырады;
- мектеп оқушыларының әлеуметтік желілердегі жарияланымдарына мониторинг жүргізуді ұйымдастырады және этносаралық алауыздықты қоздыратын деструктивті контентті анықтаған жағдайда, оларды жою және таратпау мақсатында олардың авторларымен профилактикалық әңгімелер жүргізеді;
- оқушылар арасындағы ықтимал қақтығыстың нақты алғышарттары мен факторларын анықтаған, сондай-ақ ден қою шараларын ұсынған педагогтер, психологтар мен тәрбиешілер үшін көтермелеу шараларын көздейді;
- ата-аналар қоғамдастығының арасында профилактикалық жұмыстар жүргізеді;
- жанжалдың алғышарттары мен факторларын уақытылы жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Мұғалімдер:
- сыныптардағы психологиялық жағдайды қадағалайды;
- балаларға мінездеме жасайды, білім беру мекемесіндегі әртүрлі этнос балалары арасындағы қарым-қатынас барысын бақылайды;
- ксенофобтық көріністерге, басқа балалардан артықшылыққа бейімділігі бар, сондай-ақ басқа этностардың балалары туралы теріс пікір білдіретін, әртүрлі этнос балаларымен жанжалдасу оқиғалары болған оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
- этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады;
- этникалық, тілдік, әлеуметтік, діни немесе басқа да белгілеріне қарамастан толерантты қарым-қатынасты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған тәрбие іс-шараларын өткізуге көмек көрсетеді;
- сабақта туындаған этносаралық сипаттағы инциденттерді жасырмай, басшылық және педагогтермен ортақ шешім қабылдау үшін ашық талқылауға ұсынады;
- түрлі әдістерді (бақылау, пікірталас, әңгімелесу және т. б.) қолдана отырып, оқу сабақтары кезінде оқушылармен ашық диалог орнатады;
- балалар мен жасөспірімдер арасындағы кез келген жағымсыз мінез-құлық көріністері туралы мектеп әкімшілігін хабардар етеді;
- құқық қорғау органдарына білім беру ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы хабарлайды (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы).
Сынып жетекшісі:
- байқау, мониторинг, сауалнама, сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау арқылы әртүрлі этностар санатындағы оқушылар арасындағы қақтығыстардың жасырын тәуекелдерін анықтауға қатысады;
- сыныптың этникалық құрылымын анықтайды;
- сыныптағы қарым-қатынастарды зерттейді, көшбасшылар мен «аутсайдерлерді» анықтайды, олардың күнделікті мінез-құлқын бақылайды, бейімділігін, мүдделерін, іс-әрекеттерінің себептерін анықтайды;
- девиантты мінез-құлық және ксенофобия, басқа балаларды этникалық немесе тілдік негізде кемсіту көріністеріне бейім оқушыларға ерекше назар аудара отырып, сыныптағы әр оқушыға оның отбасының әлеуметтік жағдайын көрсете отырып, әлеуметтік портреттер жасайды;
- тәрбие іс-шаралары мен сынып сағаттарында оқушылар арасында этносаралық толеранттылық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал етеді;
- сыныптан тыс іс-шаралар арқылы оқушылардың бойында бірлік, достық және өзара сенім сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді;
- балаларда басқа этностар өкілдеріне толерантты мінез-құлықты тәрбиелеудің, этносаралық коммуникацияны дамытудың маңыздылығы туралы ата-аналарға түсіндіру іс-шараларын (әңгімелесу, кездесулер, пікірталастар) өткізеді;
- басқа пән мұғалімдерімен, психологтармен, әлеуметтік педагогтермен тікелей байланыста жұмыс істейді;
- мектеп оқушыларының әлеуметтік желілердегі жарияланымдарына мониторинг жүргізеді және этносаралық алауыздықты қоздыратын деструктивті контентті анықтаған жағдайда, оларды жою және таратпау мақсатында олардың авторларымен профилактикалық әңгімелер жүргізеді;
- балалар мен жасөспірімдер арасындағы кез келген жағымсыз көріністер туралы мектеп әкімшілігін хабардар етеді.
- түрлі этностар қатарындағы оқушылар арасында жанжалдардың туындауының жасырын тәуекелдерін анықтауға қатысады;
- оқушылардың психологиялық жағдайына мониторинг жүргізеді (арнайы психологиялық тесттер, сауалнамалар, мониторинг, әңгімелесулер және т. б. арқылы);
- сыныптағы қарым-қатынастарды зерттейді, көшбасшылар мен «аутсайдерлерді» анықтайды, олардың күнделікті мінез-құлқын бақылайды, олардың бейімділігін, мүдделерін, іс-әрекеттерінің себептерін анықтайды;
- оқушыларға, ата-аналарға кеңес береді;
- этносаралық салада педагогтермен, ата-аналармен және оқушылармен түрлі алдын алу іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;
- мекеменің әлеуметтік ортасын үйлестіруге ықпал етеді және оқушылар ұжымдарында этносаралық шиеленістің туындауының алдын алу және оқушылардың әлеуметтік бейімделе алмауының алдын алу шараларын жүзеге асырады;
- мектеп оқушыларының әлеуметтік желілердегі жарияланымдарына мониторинг жүргізеді және этносаралық алауыздықты қоздыратын деструктивті контентті анықтаған жағдайда, оларды жою және таратпау мақсатында олардың авторларымен профилактикалық әңгімелер жүргізеді;
- оқушылармен және ата-аналармен профилактикалық шаралар жүргізеді, балалардың жанжалға бейім мінез-құлқының себептерін анықтайды;
- балалар мен жасөспірімдер арасындағы кез келген жағымсыз көріністер туралы мектеп әкімшілігіне хабарлайды.
Әлеуметтік педагог:
-оқушылардың жеке басының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның микроортасын, өмір сүру жағдайларын зерттейді;
- оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, проблемалары мен жанжалды жағдайларын жүйелі түрде анықтайды, оларға уақытылы әлеуметтік көмек көрсетеді және оқушылар контингентіне қажетті қолдау көрсетеді;
- өз құзыреті шеңберінде мектеп оқушыларының әлеуметтік желілердегі жарияланымдарына мониторинг жүргізеді және этносаралық алауыздықты қоздыратын деструктивті контентті анықтаған жағдайда басшылықты хабардар етеді, оларды жою және таратпау мақсатында олардың авторларымен профилактикалық әңгімелер жүргізеді;
- әлеуметтік, этникалық, рулық, нәсілдік, тектік, топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін ересектер мен жасөспірімдерге қатысты заңнамада көзделген жауапкершілікті түсіндіруге ерекше назар аудара отырып, кәмелетке толмағандар мен ата-аналар арасында құқықтық тәрбие беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді:
- балалар мен жасөспірімдер арасындағы кез келген жағымсыз көріністер туралы мектеп әкімшілігін хабардар етеді.
Ұсынамыз!
Балалармен және ата-аналармен әңгімелесу барысында сенімді байланыс орнатқаннан кейін келесі маңызды аспектілерге назар аудару керек:
- отбасындағы қарым-қатынас қандай, бала қандай жағдайда өсіп жатыр?;
- ата-аналар әртүрлі этникалық топтардың өкілдеріне қалай қарайды?;
-бала әртүрлі этникалық топтардың өкілдерімен қарым-қатынаста өзін қалай көрсетеді?;
- сыныптағы басқа балалармен қарым-қатынасы қандай?;
- кіммен дос және кімдермен қарым-қатынас жасау қиын, неге?;
- басқа адамдарға қатысты агрессия көріністеріне бейімділік бар ма?;
- бала бос уақытында немен әуестенеді, оның хоббиі бар ма?;
- спорттың қандай да бір түрімен айналыса ма?;
- баланың сүйікті кейіпкері кім, неге?;
- ата-аналар басқа тілді этнос өкілдерімен толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру үшін балаларымен қандай жұмыс жүргізеді?
Оқушылар мен ата-аналардың жауаптарын талдай отырып, оқушылар арасындағы, соның ішінде әртүрлі этнос өкілдерінің балалары арасындағы қақтығыстардың жасырын тәуекелдерін анықтауға болады.
ІV. Қазақстан халқы Ассамблеясымен және еліміздің этномәдени бірлестіктерімен ынтымақтастық
Білім беру ұйымдары позитивті және толерантты көпэтносты қоғамдастықты қалыптастыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің өңірлік құрылымдарымен тұрақты негізде ынтымақтасуы қажет.
Ассамблея қызметінің басым бағыттарының бірі – өскелең ұрпақты патриотизмге, қазақ халқының және өзге де этностардың құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу екендігін білу маңызды.
Этномәдени бірлестіктермен ынтымақтастық шеңберінде білім беру мекемелері балаларды тіл мектептері мен шығармашылық клубтарға шақыра алады, олардың қатысуымен мәдени-танымдық, ағартушылық іс-шаралар, әртүрлі этностар қатарындағы атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер өткізе алады, сондай-ақ түрлі балалар іс-шараларына да қатыса алады.
Жалпы, білім беру ұйымдары өскелең ұрпақ арасында этносаралық толеранттылықты тәрбиелеуде басты рөл атқарады, бұл үйлесімді этносаралық қатынастар мен елдің ішкі саяси тұрақтылығының кепілі болып табылады.
V. Мектеп оқушыларының қатысуымен оқыс оқиға немесе жанжал туындаған жағдайда мектеп психологын, инспекторды, сынып жетекшісін тарта отырып, білім беру мекемелерінің басшылығы:
- оқиғаны және этносаралық инциденттің салдарын, жанжалды реттеудің оң және теріс тәжірибесін, білім беру және тәрбие жүйесінің барлық субъектілерінің анықталған кемшіліктері мен қателіктерін жан-жақты талдайды;
- одан әрі жұмыс істеу үшін инцидентке қатысушылар туралы ақпаратты жинайды және талдайды (экспресс-сауалнамалар, әңгімелесулер, бақылаулар, терең сұхбаттар, зерттеулер және т. б. негізінде), олардың отбасылары туралы мәліметтер паспортын зерделейді (әлеуметтік жағдайы, әлеуметтік немесе өзге сипаттағы бар проблемалар және т. б.);
- инцидентті ұйымдастырушылар мен белсенділерді анықтайды, олардың жағдайға теріс әсер етуіне жол бермеу бойынша шұғыл ден қою шараларын қамтамасыз етеді;
- балалар мен ата-аналардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттерін анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді жүзеге асырады;
- медиативтік рәсімдерді қамтамасыз етеді, олардың барысын бақылауды қамтамасыз етеді;
- оқушылармен және олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
- одан әрі арандатулар мен жанжалдарға жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізеді;
- оқушылар арасындағы этносаралық қатынастарды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастырады.
___________