"Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тайбай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақ – тренинг «Бір-біріне»

25.04.2023

Мазасыздануға арналған тренинг жаттығулары

1-жаттығу
Адам кеңістікте біршама уақыт қозғала отырып, өзіне ұнайтын орынды табады. Осы нүктеде көзіңізді жұмып, өз денеңіздегі шекараларды анықтаңыз: яғни өз денеңізді жоғарыдан төменге жейін қарап шығыңыз, өз басыңыз, мойын, иық, кеуде, іш, арқа, қолдарыңызды, шаштың түбінен аяғыңыздың ұшына дейін қарап шығыңыз.

Мақсат-өз денеңіздің белгілі бір сипаттарын сезіну. Ұзақтығы-10 минут.

Күйзеліс, мазасыздануды жоюға ой терапиясының жаттығулары да көмектеседі. Әсіресе, қарым-қатынас кезінде мазасыздануды сезінетін би терапиясы жаттығулары көп көмекші болады.

2-жаттығу «Сурет салу»
Мақсаты: шығармашылықты дамыту, сезім, эмоцияны білдіру.
Ұзақтығы: Ұзақтығы: 30 минут.
Әрбір топ мүшесі қағаз алып, қарындашпен өз мазасыздану күйін сурет салу түрінде білдіреді.

3-жаттығу «Есіміңнің артында»
Мақсаты: өзіне-өзі баға мен өзіне сенімділікті артуы.
Ұзақтығы: 10 минут.

Әркім өз есімін жазып, оның тұсына сол әріптен басталатын анықтауышты жазады.

4-жаттығу «Иә»
Мақсаты: мазасыздану деңгейін тыныштандыру және төмендету.
Ұзақтығы: 15 минут.

Өтілу барысы: көзді жұмыңдар, өздеріңді ормандамын деп ойлаңдар. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңірге жақында. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезіңдер. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап, судың аққанын есті және орман тыныштығын, құстардың әнін. Осының барлығына жаныңды аш: салқынға, тыныштыққа, дыбысқа өзің ыңғайлы орынға отыр, осылармен ыңғайға кел, бүкіл айнала сіздің денеңізді, бастан аяқ толтырсын «иә» деген сөз барлық әсерге енсін осы сөз бен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз).

Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкі сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін, ертеңіңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылңан раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады. Өзіңізге айтыңыз «Мен бақытты, салмақты болғым келеді әрі мен сондай боламын».

5-10  сынып

«Мазасыздық шкаласы»  әдістемесі

Мақсаты: оқушы бойындағы мазасыздықтың басым  түрін  анықтау.

Нұсқау: Сендерге    өмірде жиі кездесетін бірнеше  жағдаяттар беріледі. Олардың кейбіреулері сендерге  ұнамсыз болып келеді, қобалжушылық, қорқыныш  сезімдерін  тудырады. Берілген  тапсырмаларды  мұқият  оқып

1) егер осындай  жағдай саған мүлдем ұнамсыз  болып көрінбесе – 0 санымен бағалайсыз;

2) егер жағдаят сені азғантай ғана қобалжытса – 2 санымен бағалайсыз;

3) егер жағдаят өте ұнамсызсені қатты мазасыздандырса – 3 санымен бағалайсыз

Сауалдама

  1. Сен сабақты тақтаға шығып айтқанда.
  2. Сені үлкен адамдар (әке шешен) ұрса.
  3. Сыныптас достарынмен кездескенде.
  4. Бөтен адамдарға  қонаққа барғанда.
  5. Үйде жалғыз  қалғанда.
  6. Мұғалімге  өзін жақындап әңгімелесу керек  болғанда.
  7. Сабақта берген тапсырманын  орындай алмаған  жағдайда.
  8. Өзінді басқа  балалармен  салыстырғанда.
  9. Өз жұмыстарын  туралы  ойлағанда.
  10. Саған кішкентай сәбиге сияқты  қарағанда.
  11. Сен жиі жылайсың ба? (егер иә болса 3 балл, кейде -2 балл, жоқ -0 балл)
  12. Мұғалім сабақ үстінде күтпеген жерден сұрақ қойса.
  13. Сен сабақ үстінде барлық  тапсырма дұрыс және әдемі орындаған уақытта, саған ешкім көңіл бөлмей қойса.
  14. Саған қарсы шығып, дауласқанда.
  15. Аулада өзінен үлкен  балалармен кездесіп қалған жағдайда.
  16. Сен ойнап немесе тапсырма орындағанда, саған ешкім көңіл аудармай  қойса.
  17. Сен қорқынышты түстер көресіңбе?
  18. Мұғалім қиын тапсырма берген  жағдайда.
  19. Ойын кезінде  басты  роль бергенде.
  20. Сенің жұмысынды үйде  бағалағанда.
  21. Мұғалімнің  түсіндіргенің  түсінбеген  жағдайда.
  22. Сен  сабақ айтып тұрғанда, басқа  балалар күлсе.
  23. Теледидардан қорқынышты фильмдерді көргенде, немесе  қорқынышты  әңгімелер айтқан кезде.
  24. Үлкен өскенде  қалай болатыны  туралы ойлаған кезде.
  25. Саған үлкендер  ренжіген кезде.
  26. Мұғалім сенің істеген  жұмысынды  бағалағанда.
  27. Сен жұмыспен  айналысқн  кезде саған қарап, бақыласа.
  28. Ісін онбаса.
  29. Балалар сенімен ойнамай, достаспай  қойса.
  30. Мұғалім сабақ кезінде саған ескерту жасаса.

Кілт

  1. Оқу  мазасыздығы – 1,6,7,12,13,18,21,22,26,30
  2. Өз-өзін бағалау мазасыздығы – 5,8,9,11,17,19,20,23,24,28
  3. Қарым-қатынас мазасыздығы- 2,3,4,10,14,15,16,25,27,29

Стандарттар (әр түріне жеке есептелінеді)

  1. мазасыздық деңгейі төмен – 10 баллдан аз болса
  2. нормаға сай деңгей – 10 мен 20  аралығында  болса
  3. мазасыздық деңгейі  жоғары -20 баллдан көп болса
Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст