"Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тайбай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

15.04.2023

1. Осы Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-26) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі қызметтің тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:

      1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);

      2) әлеуметтік оңалту - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;

      3) әлеуметтік бейімделу – өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;

      4) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар.

Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст