"Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тайбай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қауіпсіздік техникасы және мектеп автобусында жол жүру ережелері бойынша білім алушыларға арналған нұсқаулық

16.10.2022

Қауіпсіздік техникасы және мектеп автобусында жол жүру ережелері бойынша білім алушыларға арналған нұсқаулық

Осы нұсқаулықты сақтау автобус тасымалдарын пайдаланатын барлық білім алушылар үшін міндетті.

  1. 1.2. Сапарларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткен және директор бекіткен тізімдерге енгізілген білім алушылар жіберіледі.
  2. 1.3. Білім алушылар кезекші мұғалім мен жүргізушінің мектеп автобусында жол жүру тәртібі мен ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті.
  3. Білім алушылар мектеп автобусына ұқыпты қарауға,  қоқысты тастамауға, орындықтар мен бөгде жабдықтарды бүлдірмеуге, жазбалар жасамауға міндетті.

2. Сапар алдында және соңында кезінде қауіпсіздік талаптары

2.1.Білім алушылар автобустың қозғалыс кестесін  білуге және сақтауға, кестеде көрсетілген уақытта мектеп автобусының белгіленген аялдамасында болуға міндетті.

2.2.Автобусты  жолдың жүріс бөлігіне шықпай,  белгілі бір орнында күту керек. Мектептен шыққанға дейін білім алушылар мектеп ғимаратында, ауа – райы жақсы болған жағдайда-мектеп ауласының аумағында болуға міндетті.

2.3. Сапар басталар алдында білім алушылар міндетті:

- белгіленген тәртіпте жол жүру кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық  алу;

- тыныш, асықпай, ереже пен тәртіпті сақтай отырып, аялдама алаңына жиналу;

- кезекші мұғалім  сапарға қатысушылардың бар-жоғын тексеру;

-- келе жатқан автобусқа қарай шықпау;

- кезекші мұғалімнің рұқсатымен автобус толық тоқтағаннан кейін асықпай, тыныш және итерместен, салонға кіріп, орынға отыру

3.Сапар кезіндегі қауіпсіздік талаптары

3.1. Сапар барысында оқушылар  тәртіпті сақтауға міндетті. Сапар барысындағы  барлық кемшіліктер туралы олар кезекші мұғалімге хабарлауы керек.

3.2. Автобус қозғалысы кезінде барлығы орындарында  отыруға   міндетті. Автобуста тұруға және жүруге қатаң тыйым салынады.

3.3. Білім алушыларға тыйым салынады:

-шу шығару; жүргізушіні әртүрлі  сұрақтармен, әңгімелермен   ,айқайлау немесе басқа жолмен алаңдату;

- өту жолдарын сөмкелермен, портфельдермен және басқа заттармен бөгеу;

 бір орыннан екінші орынға ауысу;

- қажет болмаса, сигналдық батырманы пайдалану;

- жалған дүрбелең жасау;

-автобусқа сусындарды ашық ыдыстарда әкелу;

- терезелер мен желдеткіш люктерін ашу;  терезелерді ашып, терезеге қол немесе қандай да бір заттарды  қою, автобустан қандай да бір затты лақтыру.

3.4. Автобус қозғалысы кезінде кітап  оқуға болмайды.

4. Авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

4.1. Білім алушылар білуге міндетті:

- автобуста авариялық шығу жолдарының орналасуын;

-жүргізушіге берілетін сигнал түймесінің орналасқан жері және пайдалану ережелері;

5. Сапар аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары

5.1. Жүріс бөлігіне шығуға және жолды жүгіріп өтуге тыйым салынады.

5.2. Жол жүру аяқталғаннан кейін білім алушылар:

-автобустан толық тоқтағаннан кейін  кезекші мұғалімнің рұқсатымен   көліктен  асықпай шығу керек.

 

 

Просмотров: 773


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст