"Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тайбай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылындағы орта мектеп» КММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы есебі

03.03.2022

 

                                                                                                              2013 жылғы 25 маусымдағы №193

                                                                                                                   Қазақстан Республикасы

                                                                                   экономика және қаржылық бюджет

                                                                                        жоспарлау Министрдің бүйрығына

                                                                                        2 Қосымша

 

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі

 

Жалпы ережелер.

1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тайбай ауылы Сарыарқа көшесі №54

2.  Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.

«Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ де 2021 жылы реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 6 түрінен қызмет көрсетті. Жалпы 54қызмет көрсетіліп,  оның 1 электронды үкімет порталы арқылы, 14 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-39 жеке тұлға. Бас тарту саныны-2.

6 қызмет Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары негізінде көрсетіледі.

       3) Ең көп сұранысты қажет ететін

1.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша – 22 қызмет көрсетілді.

2.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,бастауыш, негізгі орта ,жалпы ,техникалық және кәсіптік ,орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға  біліктілік санаттарын  беру /растау/ үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша –3  қызмет көрсетілді.

3. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша –  12  қызмет көрсетілді.

4. «Бастауыш негігі орта ,жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша –  0

5. «Негізгі орта , жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша –   2 қызмет көрсетілді.

 6. «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау бойынша - 14 қызмет көрсетілді

3. Қызмет алушылармен жұмыс.

       1) Мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттарын «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараттарға арналған қабырға стендтерінен "Ерейментау ауданының білім бөлімі" ММ ақпараттық стендтерінен және білім беру ұйымдарының сайттарынан,  ХҚКО-нан және Ерейментау ауданы әкімінің веб-сайтынан алуға болады.

      2) «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартының  жобалары көпшілік алдында талқыға түспеді.

Халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

       2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы жарияланымдар, білім беру ұйымдарының "Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде мақалалар мен тікелей эфирлер жарияланды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

      4.  Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау

    1. 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша өкілетті орган тексерісі жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша бөлім басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы жедел кеңесі өткізілді.

      2. Атқарылған мемлекттік қызметтің саны және сапасын ішкі бақылау барысында төмендегідей нәтиже көрсетті:

Жалпы 58 қызмет көрсетіліп, оның 1 электронды үкімет порталы арқылы, 13 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-44 жеке тұлға. Бас тарту саныны-2.

                Мемлекеттік қызметті атқаруда мерзімі жағынан шағым тіркелмеді.

        3. 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізді . Оның нәтижесі бойынша бөлім басшысымен сапалы мемлекеттік қызмет көрсету туралы жедел кеңес өткізілді.

5.       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2022 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

 

«Тайбай ауылының жалпы

орта білім беретін мектебі»

КММ нің директоры                                                              А.Ералинов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 343


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст