"Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тайбай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен қазіргі мұғаліммін

21.11.2021

   

Ақмола облысы

Ерейментау ауданы

Тайбай ауылы

«Тайбай ауылының ЖОББМ» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Мукашева С.Д

 

 

 

 

 

Мен -  замануи бастауыш сынып мұғалімімін

    « Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін

өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз»

(Стронг)

     Ұстаз – ұлы тұлға. Ұстаз – мектеп жүрегі. Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.Баланы жазуға, оқуға, санауға, сурет салуға және қоғам заңдарына сәйкес өмір сүруге үйрету үшін оған көп уақыт пен күш жұмсау керек. Бірақ маған осындай кәсіп түрімен айналысу ұнайды. Мен оқушыларымды белсенді, өз ойларын айтып жеткізетін, дәлелдей алатын, жұмыстарын көрсете алатын, шығармашыл, креативті бала болуына баулимын.

   Сабақты түрлендіру үшін  мен әртүрлі курстарға қатысып, әдіс – тәсілдерді жаңартып, баланың қызығушылығын арттыратын жұмыс түрлерін қолданамын. Қазіргі таңда Айнұр Жүсіппен « Жылдам оқу» курсын өтіп, одан әрі « Кибер – Педагог» курсына қатысудамын. Алған білімімді сабақта қолданып, оқушыларды қызықтырып, әртүрлі әдіс – тәсілдермен жұмыс істеудемін.

  Сыныпта қабілетіне сай әртүрлі кішкентай адамдар отыр. Менің мақсатым – максималды түрде білімді арттырып, өмірде , болашақта осы мен берген білімді қолдана алатындай ететін тұлға тәрбиелеу. 

     Сабағымда кездесетін кедергілер – оқу техникасы, тез есептеу, жылдам ойлау, өз ойын жеткізе білу. Сын тұрғысынан ойлау – көп мүмкіндіктер береді. Сабақта  мен балаларға еркін жағдай беремін. Сонда олар сыни ойлайды. Жеке, жұп, топпен жұмыс жүргізгенде баланың мінез – құлқына, деңгейіне қару керек. Оқушылардың барлығы белсенді болу үшін көңіл аудару керек.  Жұмыс сапасына көңіл бөлу керек. Меланхолик, ұялшақ мінезді оқушыларға үлес қосу – ашық сұрақ қою, жұмысқа араластыру. Тұжырымдаған кездерде ойларын  қорытуға, жақсы ойларына, дәлел келтіру, дәлел келтіруде қателескен жағдайда жол бермеуіне , рефлексия кезінде пікір беруге дағдыландырамын.  Топтық жұмыста ұяң,ұялшақ оқушыларды сабаққа қатыстыру.  Балалар әртүрлі болады. Біреулері баяу, шапшаң, тұйық болса, кейбіреулері  гиперактивті   болады. Немесе топта сөйлемей, ұялып отырады. Осындай сәттерде оларды өздеріне сай мінезді, не болмаса достарымен отырғызу керек.Түрлі құралдарды қолдану- қабырғаға ілетін суреттер, сызбалар қолдану.  Ұяң оқушы мен ұялшақ оқушыны ортаға тарту. Балалардың жұмысын әрқашан бағалап,кішкене жұмыстарын үлкен қылдырып мақтау қажет. Қаталаскен жағдайда абай болуына талап ету.   Белсенді бала көбінесе көшбасшы болады. Шағын топтың жетекшісі болады.Гендерлік топ құруға болады (ұлдар – қыздар) .

   Осылай топпен , жұппен жұмыс жасағанда көп оқушыны сабаққа қатыстырамыз. Сабақта  сыни ойлаудың сан алуан әдіс – тәсілдерін, дәстүрлі емес тәсілдерді қолданамын.

  Бастауышта замануи мұғалім уақытқа сай жүруі тиіс.Бүгінгі мұғалім балаға білім беруде АКТ түрлерін қолдана алу қажет. Ол сыныпқа кіргенде көңіл күйі көтеріңкі, баланың психологиясын біліп, оның қиындық туып жатқанын сезіп, көмектесе алу керек. Мұғалімнің ең басты қасиеттері – шыдамдылық пен ұстамдылық.

 

Просмотров: 874


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст