31.03.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылдың 30 наурызындағы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес ,
«Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 1 сыныбына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі аясында құжат қабылдау ағымдағы жылдың 27 мамыры мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
Ақмола облысы бойынша құжат қабылдау 10 маусым -31 тамыз аралағында жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық бағдарламасын біздің білім беру ұйымымызда меңгерген және оқуын осы мектепте жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Басқа білім беру ұйымына орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.
Құжаттар:
-Заңды өкілінен өтініш
-Туу туралы куәлік
-Қызмет алушының куәлігі
- 065/у және 052-2/у формасындағы денсаулық паспорты және егілу анықтамасы
- ¾ фотосурет
- «Бастауыш ,негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру « электрондық үкіметтің « веб – порталы (бұдан әрі –жалпы білім беру ұйымдарының порталы) арқылы және екінші қағаз жеткізгіште бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асырылады, қызмет көрсетуші ретінде).